7 сәуірде Тараз қаласындағы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №67 мекемесіндегі сотта Тараздағы қанды қаңтарды ұйымдастырды, қатысты, деп айыпталып жатқан 9 азаматқа айыптаушы прокурор 20 жылға дейінгі қамау жазасын сұрады.
Бұған дейін редакциядан журналистер барып 2-3 рет қатысып қамаудағы азаматтармен тілдескен. Соңғы кездері журналистерді сот залына жібермей қойған-тұғын.
Қамалған азаматтардың өздері және жақындары мен қорғаушыларының айтуынша алдын ала тергеуде өрескел заң бұзушылықтар болған. Сондай-ақ тергеу тарабы өздеріне ыңғайлы жалған куәгер дайындаған. Бір-бірін көрсетіп беру туралы ұсыныс айтылған. Істегі бейне жазбалар қысқартылып тергеу тарабының ығайына қарай монтаждалған.
Қамаудағы азаматтардың ендігі тағдыры судья Қадірбек Нұржанның қолында.
Айыптаушы прокурор 3 азаматқа 5-6 жыл сұрап рақымшылық заңына сай сот залынан босатуды, ал қалғандарын 6 жылдан 20 жылға дейін қамау жазасын кесуді сұрады.
1. Айбол Сағынтай – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен; 7 жыл қамау жазасын;
2. Дәурен Нұралиев – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен; 6 жыл қамау жазасын;
3. Ербол Жұманов – Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі негізінде 291-бабы 3-бөлігі 4-тармағы, 380-1-бабы 2-бөлігі 10-тармағы, 287-бабы 4-бөлігімен; 20 жыл қамау жазасын;
4. Жақсылық Абдуллаев – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен; 7 жыл қамау жазасын;
5. Нұрахан Махатов – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 1,2,3-бөлігімен; 7 жыл қамау жазасын;
6. Қанат Нұраханұлы – Қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі негізінде 272-бабының 1, 2, 3-бөліктері және 28-бабы 3-бөлігі негізінде 291-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен; 7 жыл қамау жазасын;
7. Саламат Қосанов – Қылмыстық кодекстің 272-бабының 2-бөлігімен 5 жыл сұрап, рақымшылық заңына сай сот залынан босатуды;
8. Досмұхамбет Садықов – Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігімен; 5 жыл сұрап, рақымшылық заңына сай сот залынан босатуды;
9. Ермахан Сайлауов – Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі негізінде 291-бабы 3-бөлігі 4-тармағымен және 287-бабы 4-бөлігімен; 6 жыл сұрап, рақымшылық заңына сай сот залынан босатуды сұрады.
Төмендегі бейнеден айыпталып жатқан азаматтардың жан айқайын тыңдай аласыздар.















Тергеудің шикілігі мен «ауадан жасалған» миллиондар: Алмасбек Садырбай ісіндегі Жетісу облысының жұмбағы
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?