Журналист Вадим Борейко операторының екі бірдей көлігін белгісіз біреулердің өртеп кеткенін хабарлады, -деп жазды Маса медиа сайты.
Ол бұл жөнінде әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Журналистің өзі бұны қызметімен байланыстырады.
– 20 ақпанға қараған түні менің операторымның екі бірдей көлігін үйінің алдында жарып жіберді, – деп жазды Борейко телеграм арнасына.
Бұған дейін белгісіз біреулер Борейконың пәтерінің есігін желімдеп, кіреберіс есікке бейәдеп сөз жазып, сурет салып кеткен.
Соңғы уақыттары Қазақстанда журналистерге қысым күшейген. Осыдан біраз уақыт бұрын журналист Динара Егеубаеваның көлігін де өртеп кеткен.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы