Судья журналистерге Қайрат Боранбаевтың сотын аудио-видеоға түсіруге тыйым салды. Журналистерді үкім шығатын кезде бірақ шақырмақ.
– Сот БАҚ өкілдеріне сот залында аудио-видеоға түсіруге тыйым салуды үкім етті. Аталмыш шешім шағымдануға жатпайды, – деді судья Бапақова.
Судья журналистерге сот аяқталғанға дейін сот залынан ақпарат таратуға тыйым салды. БАҚ өкілдері сот залынан тыс куәгерлер мен қатысушылардан қандай да бір пікір ала алмайды. Журналистерді үкім шығатын уақытта шақырады.
Қайрат Боранбаевқа «QazaqGaz» ұлттық компаниясының газын сату кезінде 14, 5 миллиард теңге қаржы жымқырды деген айып тағылған. Олигархтың өзі тағылған айыппен келіспейді. Ол компаниямен арадағы келісімде ешқандай заң бұзушылық жоқ деп есептейді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы