Желтоқсанның 19 күні Жетсу облысы, Талдықорған қаласында қаңтар қырғыны кезінде қамалғандарды азаптаған полицейлердің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша 22 реткі сот отырсына бір куәгер қатысты.

Куәгер Жеңісханұлы Серікболдан пркурордың қаңтар кезенде қандай істі көргенін сұрады. Куәгер: Көтерліс болғанның екінші күні қоңырау түсті. ДВД-ға шақырды. Травма бойынша болу керек анығы есімде жоқ деді. Ары қарай сотқа қатысушылар куәгерге сұрақ қойылмады.

Екінші куәгер полиция майоры Меңлібаев Сарманбет сотқа онлайн қатысты. Ол өзінен куәгер ретінде сұралмағанын айтты.  Прокурордың Қонақбай Құрметті танисың ба деген сұрағына оны танитынын қаңтар кезінде қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіп оны сотқа жібергенін. Оны ешкімнің азаптағанын көрмегенін айтты. Әрі жәбірленуші Қонақбайдың сот мәжілсінде берген жауабын жоққа шығарды.

Қалған куәгерлердің келмей қалуына байланысты судьия Бекмұрат Дүйсенбеков істегі куәгерлердің жауабын өзі оқып беріп куәгерлердің жауабын ақырлыстырды. Ауыпталушы жақтың қорғаушылары қосымша куәгерлердің керектігін және судья жауаптарын оқыған куәгерлерді де шақыруын сұрады.

Ұзаққа созылған сот процесінде әуелі 23 жәбірленуші мен 9 куәгер тыңдалды. Іс бойынша 16 куәгер тыңдалуы керек-ті.

Өткен сот отырстарында тыңдалған куәгерлердің дені мед қызметкерлері болды. Уақытша қамау орнымен күштік құрлымдардағы медицина қызметкерлері жәбірленушілердің ауыр жарақатын көрмедік иә болмаса есімізде жоқ десе, жедел жәрдем мен емхана қызметкерлері жәбірленушілердің соққыдан алған ауыр жарақаттарын растады.