Жексенбі күні Ирактың солтүстігіндегі Киркук қаласына жақын маңында қарулы шабуылдан жеті полиция қызметкері көз жұмды.

Киркук Бағдаттан 300 жақырымға жуық қашықтықта орналасқан мұнайлы өлке.

Бұл шабуылды ешбір топ әзірге мойнына алған жоқ. Алайда Ирак билігі бұны "Ислам мемлекеті" тобынан көріп отыр.

Бұған дейін өткен сәрсенбіде де "Ислам мемлекеті" тобы Бағдат маңында жол бойына орнатқан бомбадан жергілікті үш әскери қаза тапқан болатын. Жарлыстың соңы қарулы қақтығысқа ұласқан.

Шенеуніктердің Франс Пресс агенттігіне хабарлауынша, жексенбі күнгі шабуыл Чалал әл-Матар ауылының маңында полиция мінген жүк көлігіне жарылыс болған кезде басталған.

ИМ бір кездері Ирактың шығысынан Сирияның батысына дейін созылған 88 000 шаршы км аумақты қарамағында ұстаған болатын.

Ирак күштері 2017 жылы желтоқсанда ИМ содырларын Сирия шекаралық аймағынан қуып шыққаннан кейін исламшыл топты жеңгенін жариялаған.

Бүгінде Сирия мен Иракта 6 мыңнан 10 мыңға дейін содырлар бар деп есептеледі, олар негізінен ауылдық жерлерде орналасқан. Бұлар әркез тіүрлі қарулы шабулдар мен жол бойындағы бомбаларды жарумен айналысуда делінеді.