Моңғолия астанасы Ұланбатырда үш күннен бері үлкен наралызық шарасы өтіп жатыр. Ереуілшілер Үкімет үйіне басып кіріп, алаңдағы шыршаларды өртеген.
Наразылық білдірушілер көмір экспортынан түскен пайданы ұрлады деп айыпталған үкімет шенеуніктерінің атын атауды талап етті.
Бұл жаңалықты twitter мен telegramm-дағы #Mongolia кэштегінде тарқалып жатыр.
https://twitter.com/i/status/1599730691263995904
Желтоқсанның 4-і күні Моңғолия астанасы Ұланбатырда үкімет сарайына жиналған наразылық топ соңғы екі жылда Моңғолия мемлекетінің көмір экспортынан түскен моңғол тогіргі (MNT) 44 триллион (12,8 миллиард доллар) табысын жымқырды деген шенеуніктердің аты-жөнін атауды талап етті.
Желтоқсанның 5-і күні Үкімет мүшелері баспасөз мәслихатын өткізіп, көмір табысының төңірегіндегі ұрлық фактілеріне қатысты мәлімдеме жасады.
«Көмір ұрлығына қатысты 10 қылмыстық іс қозғалып, олар келісім-шартқа, тасымалдауға және теміржолға қатысты үш түрлі іс бойынша тергелуде», - деп қосты Хүрэлбаатар.
Министр көмір ұрлығына күдікті ретінде «Erdenes Tavan Tolgoi» компаниясының бұрынғы бес директорын атады.
«Erdenes Tavan Tolgoi» компаниясының төрт жыл басқарған бас директоры Ганхуяг Баттулга қазан айында қызметінен босатылған. Алайда, оның күнен бұрін кетуіне байланысты ешқандай түсініктеме бермеген.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды