Жаңа Қазақстанның үкіметі базар бағасын ұстай алмай күнделікті тұтынудың қымбатшылығы қысып тұрғанда ауыл тұрғындары мемлекет шешпеген түйнді өздері шешуге кірісті.
Алматы облысы Талғар ауданы Алатау округы Қызыл-Қайрат есімімен белгілі, ауыл күн санап өсіп келеді, Алматы қаласынан 20 шақырым қашық тұратын бұл ауыл тау бөктерінде орнласқан, ауасы салқын, көгөніс пен жеміске бай. Ауылда бірнеше ұлт өкілдері аралас қоныстанған. Бірнеше ай бұрын осы ауылдың тұрғыны Құрметолла Мұхаметханұлының ұйымдастыруымен құрылған “Қызылқайрат OLX” ватсап тобы ауыл тұрғындарының өз өнімдерін бір-біріне саудалауына, жағдайы төмен кісілерге қайырымдылық жасауына, ауыл жаңалығын бөлісіп, өзара қолұшын созуға жол ашты. Топты ашып қалсаңыз қызу өмір қайнап жатады, күн суытқалы жылы киімдерін мұқтаж кісілерге беремін деп хабарлама жаза бастады. Әр кім керегін осы ортадан тауып, жөн сілтейді. Салат басатын, тосаптар қайнататын жаз бен күз мезгілінде әр тұрғын өз өнімдерін саудалайтын орынды алыстан іздемей-ақ тиімді бағада өткізе алады. Үйінде отырып өз қажетін қолжетімді бағада тапсырыс бере алатынына тұрғындар да риза. Базардағы бағадан әлде қайда арзан. Бақша өнімдерін молынан өндіретін ауылдың қарапайым тұрғындары, соңғы жылдары қаладан қоныс аударған, қалаға қатынап жұмыс істейтін ауылдастарын тәбиғи, таза өнімдермен қамтамасыз етеді, сондай-ақ өздері де еңбектерінің жемісін жеп отыр.
Алматы облысы.
Н. Байтұрсын