Прагада өтіп жатқан жиында еуроодақ елдері украин әскерін дайындықтан өткізу бойынша арнайы миссия құру жөнінде келісті. Бұл жөнінде Еуроодақтың сыртқы саясат және қауіпсіздік бойынша Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель ЕО қорғаныс министрлерінің ресми емес кездесуінде айтты. Бұл туралы Орталыө Азия жаңалықтар қызметі жазды.
Оның сөзінше, ЕО Украинаға сарбаздарын дайындықтан өткізу бойынша көмектесіп келеді. Бірақ оларға жақсы үйлестіру жұмыстарын үйрету керек деді.
Арнайы миссия қалай жұмыс істейтінін Жозеп Боррель нақты айтпады. Бірақ украин сарбаздарын ЕО-ға мүше көрші елдерде дайындықтан өткіземіз еді.
Прагадағы кездесуде Боррельдің бұл идеясын бәрі бірдей қолдамады. Люксембургтің қорғаныс министрі Франсуа Бауш бұл идеяға күдікпен қарады. Ол бұл мәселе екіжақты келіссөзде шешілуі тиіс деген. Австрия қорғаныс министрі Клаудия Таннер де осындай ой айтқан.
Бұдан бөлек Прагаға келген Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Ресей мен Беларусь азаматтарына шенген визасын шектеу жөніндегі мәселені талқылап жатыр. Балтық елдері, Польша және Нидерланд виза беруге толық тыйым салуы керек десе, Германия мен Франция жеңілдетілген визаны ғана алып тастау керек дейді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы