Дүниежүзілік Банк пен Украина соғыстан зардап шеккен экономиканы қолдау тақырыбында келіссөз өткізіп жатыр. Келіссөз сөйлесуіне Украина президенті Влоладимир Зеленский де онлайн қатысып, елдің экономикалық шығындары туралы мәліметтер берді. Украина президентінің мәліметінше, соғыстың әсерінен ел экономикасы ай сайын 7 миллиард долларын жоғалтып жатыр.
Зеленсикй Украинада соғыстан күйреген мектептер, жоғары оқу орындары, ауруханалар мен сауда орталықтары, тұрғын үйлермен өзге де әлеуметтік нысандар туралы мәлімет берді. Бұған қоса Ресейдің Қара теңіз жағалауларындағы порттарды басып алуы Украина экспортына және жаһандық азық-түлік тармағына үлкен зиян келтіргенін айтқан. Зеленскийдің есебінше экономикалық шығындарды қалпына келтіру үшін Украина айына 7 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі қаржыға мұқтаж.
Аталған келіссөз барысында Дүниежүзілік Банктің президенті Дэвид Мальпасс соғыс басталғаннан қазірге дейін Украина 60 миллиард доллар көлемінде шығынға ұшырағанын айтқан.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес