Қытай сыртқы істер министрі Уаң И украиналық әріптесі Дмитрий Кулебамен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Қытай СІМ-і баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.
Ресми мәлімдемеде Уаң И Кулебаға Украина-Ресей арасындағы соғыс бойынша Қытайдың көзқарасын жеткізген. Уаң И сөзінде «Қытай бұл мәселеге геосаяси мүдде тұрғысынан қарамағанын, Украинада бейбітшіліктің қалпына келуіне мүдделі екенін» айтқан.
Кулеба да өз кезегінде Украинаның ресми ұстанымдарын қайталап, ресми Киев Украиналықтардың Еуропаға ашық, демократиялы елде өмір сүру тілегін жүзеге асыруға күш салатынын жеткізген.
Ресей Украинаға қарсы соғыс ашып, Батыс елдерінің жойқын санкцяларына тап болған тұтса көптеген елдер Қытайдың ұстанымы қалай болатынына баса назар аударған болатын. Көпке дейін Қытай бейтарап ұстанымын алға тартқан сыңайда, өзінің нақты ұснатымын ашық білдірмеген.
Бұл Қытай СІМ басшысының соғыс басталғаннан бергі алғаш рет украиналық әріптесімен қос тараптың ұстанымдарын талқылауы.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес