Бүгін Алматы жұрты қазақ әдебиетінің қара нары, ұлт руханиятына шоқтығы биік классикалық еңбектер берген аса көрнект қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісовты ақтық сапарға аттандырып салды.
Қаралы жиынға республиканың әр түкпірінен зиялы қауым өкілдері, ел ағалары мен билік өкілдері де қатысты. Мемлекет хатшысы Ерлан Карин президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жолдаған аза хатын оқыды. Онда президент Әбдіжәміл Нұрпейісовті «ұлт руханиятының көшбасшысы бола білді» деп бағалапты.
Көрнекті қаламгер 1924 жылы Арал өңірінде дүниеге келген. Оның «Қан мен тер» еңбегі қазақ әдебиетіндегі шоқтығы билік классикалық шығарма ретінде ұлт жадында қалды.
Қадырлы қаламгер, ұлт ақсақаланың орны толмас қазасына орай марқұмның жақындары мен туыстарына, тұтас қазақ еліне қайғыра отырып көңіл айтамыз! Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болсын!


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті