Ресей Үндістанға S-400 зымыран қорғаныс жүйесін бере бастады. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Екі ел ортасында әуе қорғаныс жүйелерін сату және сатып алу туралы келісім 2018 жылы жасалған болатын. Құны 5,4 млрд Америка доллары тұратын келісімді Ресей 2023 жылға дейін орындап болуы тиіс болған.
Аталған ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Ресей әскери-техникалар ынтымақтастығы басқармасының жетекшісі Дмитрий Шугаев Үндістанға зымыран қорғаныс жүйелерін жеткізудің басталғанын мәлімдеген.
Үндістан Қытаймен шекаралық дау-шарлардың өршуіне және Үнді-Тынық мұхит аймағындағы жаңа геосаяси жағдайларға байланысты әуе қорғанысын қарқынды дамытып келеді. Бұл ретте Үндістан АҚШ және Франциямен де ауқымды жобалары бар.

















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес