Бүгін Алматы қаласы, Алатау ауданының «Шаңырақ-2» ықшам ауданында Құрман Әлмерекұлының (1688-1736) жатқан жеріне тұрғызылған кесененің салтанатты ашылуы болды.
Салтанатты шараның ашлуында сөз бастаған Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласы Алатау аданы әкімдігі бұл тарихи орынға көңіл бөліп, кесене айналасын абаттандырып, халыққа пайдалы тарихи-рухани орынға айналдыруға күш салып жатқанын жеткізсе, қоғам және мемлекет қайраткерлері және ғалымдар мен ақын- жазушылар бір ауыздан осы «Шаңырақ-2» ықшам ауданының атын Құрман Әлмерекұлының атына беруді ұсынды.
Құрман Әлмерекұлы Жоңғар шапқыншылығы кезінде қазақ елінің азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күресте батылдығы мен батырлығы және көсемдігімен қол бастап, жұртын бостандық үшін айқасқа жұмылдырған және қан майдандарда сан мәрте ерлігімен көзге түскен, кескілескен шайқаста қолға түсіп, жау қолынан қапыда қаза тапқан.
Тарихшы-археологтардың анықтауынша бұл қорған бұрын Үйсін дәуіріне тән болғандықтан, «Үйсінтөбе» атанған. Кейін Құрман жерленгеннен кейін келімді-кетімді ұрпақтар бұл төбені «Құрмантөбе» атап кеткен.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді