Қырғызстанда кеше 13 қазанда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 28 қарашада өтетін парламент сайлауына бір мандатты аймақтан үміткерлердің өтінішін қабылдауды тоқтатты. Бұл туралы Орталық Азия жаңалықтар қызметі жазды.
13 қазанда бір мандатты округтан депутаттыққа түсу үшін өтініш қабылдаудың соңғы күні болды. Енді тіркелу үшін құжаттар 18 қазанға дейін қабылданады. Бір үміткер бір округтан ғана тіркеле алады.
Қырғызстанда парламент сайлауы 28 қарашада өтеді. Жогорку Кеңешке 90 депутат сайланады. Оның 54-і партиялық жүйемен сайланса, 36 депутат бір мандатты округтен сайланады. 75 партия сайлауға қатысуға өтініш түсірген.
Осыған дейін өтініш бергендердің саны 300-ден асқан.
Қырғызстанда соңғы рет парламент сайлауы былтыр 4 қазанда өткен. Сайлау нәтижесі сайлаушылардың наразылығына ұласып, Бішкекте митинг өтіп, соңғы елде биліктің алмасуына алып келді.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы