Қазақстанға атом электр станциясы қажет. Бұл жөнінде бүгін, 3 қыркүйекте Владивостокта өтіп жатқан Шығыс экономика форумының пленарлық отырысында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
"Қазақстан халқына жолдауымда елде атом энергетикасын құру мүмкіндігін жан-жақты зерттеуді тапсырдым. Елдің, халық пен бизнестің қажеттілігін де ескеру маңызды. Бұл мәселені егжей-тегжейлі қарастыратын уақыт келді деп есептеймін. Себебі Қазақстанға атом станциясы қажет" деді жиынға онлайн қатысқан Қазақстан президенті.
Тоқаев өзі атап өткендей 1 қыркүйектегі жолдауында да елге АЭС қажет екеніне тоқталған еді. Ол үкіметке "бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамытуды зерделеуді" тапсырған.
Қазақстан билігі елде АЭС салу бастамасын кейінгі жылдары жиі көтеріп жүр. Бірақ қоғамда билікті бұл бастамасына қарсылар көп.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы