Қазақстандағы мектептер мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі форматта оқиды. Бұл туралы бүгін, 11 тамызда премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
"2021-2022 оқу жылында Қазақстанның 7475 мектебінде 3,4 млн-нан астам адам, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан астам бала оқитын болады. Оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі" делінген үкімет сайтының хабарламасында.
Ақпаратқа қарғанда, мектептерде вакцина алған мұғалімдер ғана істей алады. Одан бөлек, барлық білім беру мекемесіне адамдар "Ашық" жүйесімен кіргізіледі.
Үкіметтің хабарлауынша, 20 тамызға дейін мектептерде санитарлық талаптардың барлығы орындалуы тиіс (дезинфекция, кварц сәулесімен залалсыздандыру, маска тағу, термометрия және тағы басқа).
Қазақстанда эпидахуалға байланысты 2020 жылдың наурызан бері оқушылар мен студенттердің басым бөлігі онлайн оқыды. Кейбір ауылдық жерде сабақ офлайн форматта өтті.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы