АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы Альцгеймер ауруына қарсы «Адуканумаб» препаратын мақұлдады. Бұл – 20 жылдан бері мақұлданған алғашқы дәрі.
Biogen компаниясы әзірлеген препарат Aduhelm коммерциялық атауымен сатылымға шығады.
Адуканумаб амилоидты адамның миында тромбтар түзетін, жасушаларды зақымдайтын және есте сақтау, ойлау және қарым-қатынас проблемаларын тудыратын ақуызды бұзуға арналған. Дәріні 80 жасқа дейінгі және аурудың алғашқы кезеңіндегі науқастар қабылдайды.
Альцгеймер деменцияның ең кең тараған түрі, 1906 жылы неміс психиатры Алоис Альцгеймер тарапынан сипатталған нейрогенеративті сырқат. Әдетте 65 жастан асқан адамдарда көбірек кездеседі. Соңғы 10 жыл ішінде аталған ауруды емдеудің жүзден астам әдісі қарастырылды. Бірақ ешбірі оң нәтиже берген жоқ.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел