Еурокомиссия AstraZeneca компаниясын сотқа бермек. Мәліметтер бойынша, өндіруші компания вакцинамен қамтамасыз ету жөніндегі келісімшартты бұзған.
Қазір Еуроодақ елдерінде жалпыұлттық вакцина науқаны жоспардағыдай орындалып жатқан жоқ. Себебі, AstraZeneca-дан бөлек коронавирусқа қарсы екпені жеткізу жұмыстарын BioNTech/Pfizer және Moderna компаниялары да кешіктіріп отыр. AstraZeneca биыл бірінші тоқсанда препараттың 100 миллион дозаның орнына 30 миллион дозасын жіберген. Компания мұны төмен өндіріс көлемімен түсіндіреді.
Бұған дейін Еуропа елдері аталған екпені сатып алудан бас тарқан. Себебі «препараттың қан айналымын нашарлатып, тромбылардың түзілуіне ықпал етеді» деген болжамдар айтылды. Канадада аталған екпені 55 жастан асқандарға салуға тыйым салынды.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы