Жыл басы – әз наурыз құтты болсын ағайын!
Наурыз – халқымыздың бар жақсылықтың бастауына балаған мейрамы. Дәл осы сәт ғарыштан тартып, жеті қат Жердің астына дейін жаңалыққа ұмтылатын Ұлыстың ұлы күні. Мәні мен маңызы терең атаулы мейрам. Жер-жерде жарықтың жеті реңіне, дыбыстың жеті ырғағына, жеті қат жерге, жеті қат көкке, жеті күнге балаған жеті дәмнен көже жасап, Жаратушыдан шын жақсылықты күтетін мерекелік сәт.
Осы орайда «Қазақ таймс» ақпараттық, қоғамдық-саяси порталының атынан Алтайдан Атырауға дейінгі, Арқадан Алатау мен Қаратауға дейінгі қазақ жұртын, әлемде осы мерекені тойлайтын барлық жұртқа – Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын дейміз! Жаңа жыл жақсылығын жеткізсін, ескі жыл есіркесін! Аспан-Жердің арасы тыныштық пен бақытқа толы болсын! Әр қазақтың шаңырағы шаттыққа, бақытқа, дәулет пен мол несібеге жете берсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, жарылқаушы Жаратқан нығыметін аямасын!


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы