Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан әуе қорғанысын (ПВО) біріктіру жайында келісімге келді. Бұл жайында Ресейдің әуе-ғарыш күштерінің басшысының орынбасары Павел Кураченко мәлімдеді – деді РИА «Новости».
Бұл мәселе ТМД елдерінің қорғаныс министрлерінің бас қосуында қаралған. Қазір үш ел арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда Ресеймен біріккен әуе қорғанысы Армения, Белоруссия, Қазақстан арасында бар.
РФ әуе-ғарыш күштерінің басшысы Виктор Бондаревтың айтуынша, олардың жоспарында біріңғай әуе қорғанысымен Шығыс Европаны, Кавказды және Орталық Азияны қамту.
“The Qazaq Times”


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
АҚШ пен Ресей арасындағы теңіздегі текетірес: «көлеңкелі флотқа» жататын Marinera танкерінің ұсталуы нені аңғартады?
Ирандағы наразылық: халық пен қауіпсіздік күштері қақтығысқа бет алды, адам өлімі артты
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Ирандағы наразылықтар және АҚШ-тың риторикасы: аймақтық қауіпсіздікке ықпалы
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні