23 қаңтардағы Алексей Навальныйды қолдау акциясынан кейін Ресей астанасында оппозициялық саясаткермен байланысы бар делінген адамдардың үйлеріне тінту жүргізілді.
Наразылық акциясы кезінде санитарлық-эпидемиологиялық ережелер бұзылды дегенді сылтауратқан полиция өкілдері бір уақытта ондаған мекенді тінтті. Навальнидің жақтастарымен бірге оның ағасының үйімен әйелі Юлия тұрып жатқан үйге күшпен басып кіріп тінту жүргізген.
Pussy Riot өкілі Мария Алехинаның анасының үйін тінту кезінде полиция оның шетелдік паспортын алып қойған күштік құрлым жасақтары Медиазонаның бас редакторы Сергей Смирнов анасының пәтерін екі сағат бойы тінткен.
Өткен күзде Новичокпен уланған Навальный Германияға емдеген. Ол 17 қаңтарда Ресейге қайтып келген кезінде қолға алынып 30 күнге қамау жазасы кесілген. 23 қаңтарда Ресейде неше ондаған қалада Алексей Навальныйды қолдап онмыңдаған адам наразылыққа шыққан.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы