Тәжікстан коронавирусты жеңді. Бұл туралы ел президенті Эмомали Рахмон парламентке жолдауында хабарлады.
Былтыр үкімет денсаулық сақтау жүйесін қолдауға 140 миллион доллардан аса қаражат бөлген. Елде 30 аурухана ашылған. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 15 күнде елде коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелген жоқ. Дегенмен, шетелдік сарапшылар Рахмонның мәлімдемесіне және министрлік ұсынған статистикаға күмәнмен қарайды.
Тәжікстанда алғаш рет коронавирус былтыр 30 сәуірде анықталған. 2 мамырда бірінші адам өлімі тіркелді. Бұдан соң елде бірқатар шектеу шаралары күшіне енген. Азаттықтың Тәжік қызметі Орталық Азияда вирус күшейіп тұрған шақта биліктің қоғамдық көлік пен базарларда санитарлық талаптардың жиі сақталмайтынына назар аудармайтынын жазады.
Пандемия басталғалы мұнда 13 308 кейс тіркеліп, 90 адам қайтыс болған.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел