Стокгольмдегі лаңкестік шабуылды жасады деген күдікпен Өзбекстан азаматы ұсталды - деп хабарлайды Aftonbladet  басылымы.

39 жасар күдіктіні ұстау барысында оның киімінен авто көлік терезесінің сынықтары мен Өзбек елінің төлқұжаты табылған. Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті «Ислам Мемлекеті» лаңкестік тобын қолдаған. Стокгольм  полициясы бұған дейін 7-ші сәуірдегі лаңкестік шабуылға қатысы бар деген күдікпен, тағы бір адамды ұстағандығын хабарлаған болатын.

7-ші сәуірде болған Стокголмде болған лаңкестік шабуылдың салдарынан 4 адам көз жұмып, 15 адам жарақат алған еді.

“The Qazaq Times”