Ресей әлі негізгі сынақтары аяқтамаған коронавирус вакцинасын қабылдауға рұқсат етуіне байланысты мамандар алаңдаушылық білдіруде. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дүйсенбіде коронавирустық вакцинаны қабылдау байыпты көзқарас пен зеріттеуді қажет етеді деп мәлімдеді.
ДДҰ-ның төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің директоры Майк Райан сөзінде: «Кез-келген елде вакцина салатын немесе басқа емдеу шараларын қабылдауға құқығы бар. Бірақ олар қауіпсіздік пен жоғары ғылыми стандарттарды ұстануы керек» деді.
ДДҰ мәліметінше Мәскеу клиникасы өткен аптада коронавирустық вакцинаны сала бастаған, 40 мың адам қатысатын 3-кезең өткен аптаның сәрсенбіснде басталған, ал қазіргі таңда Ресейде вакциналар қолдануға рұқсат етіле бастаған.
Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны «Спутник-V» деп атап отыр, бұны Кеңес Одағы ұшырған әлемдегі алғашқы жасанды серіктің құрметіне қойған. Қазан айында Ресей үкіметі қауіпті науқастарды вакцинамен қамтамасыз ету туралы мәлімдеген кезде, көптеген сарапшылар Ресей вакцинасына күмән келтірген болатын.
Ғаламдық пандемияның тоқтату жолы ретінде қарастырылған вакциналар бүгінге дейін бүкіл әлем бойынша 845 000-нан астам адамның өмірін қиған. Сол себепті Ресейдің толық сынақтан өтпеген вакцинасына байланысты әлем ғалымдары алаңдаушылық білдіруде.
Бұл қауіпті вакцина туралы алғаш жарияланғанда Президент Тоқаев Владимир Путинді COVID-19 вирусына қарсы алғашқы вакцинаның тіркелуімен құттықтап, жеделхат жолдап. Ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін қарастыратынын айтқан болатын.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр