Тамыздың алғашқы жартысындағы індетке шалдыққандар саны 31 мыңнан, ал қайтыс болғандар қатары 600-ден асқанына қарамастан, Үкімет елдегі ахуалдың тұрақталғанын айтып, «жағдай едәуір жақсарғанына» сендіріп бағуда.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат орталығы таратқан ресми мәлімет бойынша, 1 тамыздан бері коронавирустық пневмониямен ауырғандар – 18 606, 218 өлім жағдайы тіркелді. Сондай-ақ, осы уақытта коронавирусты анықтайтын ПТР тестімен 12 666 адамнан инфекция штамы зертханада расталған. Бұдан 400-дің төңірегінде қазақстандық қайтыс болған.
Статистика жаңа форматқа көшкен күн 1 тамыздан бастап коронавирус жұқтырғандар мен ковидтік пневмонияға шалдыққандар 31 мыңнан асты. Ресми есептегі қайтыс болған 1633 адамның 611-і тамыздың жарты айында тіркелді.
Бүгін аптасына бір рет қана өтетін ДенМин өкілінің баспасөз брифингінде кейінгі 14 күндегі ахуал егжей-тегжейлі айтылды. Коронавирус пен ковидтік пневмонияның соңғы екі аптадағы қарқыны туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді.
Бұл санаққа коронавирустың жанама әсерінен қайтыс болғандар енгізілмеген. Бұл дерек соңғы мәрте 25 күн бұрын, яғни 23 шілде 319-ға жеткені айтылған. Одан бері айға жуық уақыт өтсе де ДенМин есепті нақтылай алмаған. Тіпті олардың қаншасы созылмалы аурулар мен оқыс жағдайдан қайтыс болғаны әлі күнге дейін белгісіз.

Тамыз айының алғашқы жартысында ДенМин жариялаған статистикасында коронавирус пен ковидтік пневмония қамтылған. Фото-кесте: QT
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр