Коронавирус жұқтыру дерегі соңғы алты аптада екі есеге артқан. Осыған байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы төтенше комитеттің жиынын өткізеді.
Жиында коронавирус падемиясына байланысты жағдай талқыланбақ. Осы аптада ДДҰ-ның пандемияға байланысты төтенше жағдай жариялағанына жарты жыл толады. Ұйым өкілдерінің зерттеуінше, «COVID-19 әлемдегі ең қиын төтенше жағдай».
ДДҰ Бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус: «Соңғы алты аптада ауру жұқтыру дерегі екі есе артқан. 30 қаңтарда төтенше жағайда жариялағанда, Қытайдан тыс жерде тіркелген науқастар саны жүзден аспайтын және одан ешкім көз жұмған жоқ еді. Халықаралық санитарлық ережелерге сәйкес, төтенше жағдай бойынша комитет жиынын өткіземін. Ол пандемияға байланысты жағдайды қайта бағалауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді.
Қазір халықаралық ұйым тіркеген науқас саны 16 миллионға жуықтады. 640 мыңнан аса адам осы дерттен қайтыс болған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау