Ақ үйдің Қтайға техникалық тауар экспортын шектеу шарачын қолдап Intel чип өндіруші компаниясы қытайлық компанияларға чип сатыуды уақытша тоқтатты.
АҚШ Қорғаныс министрлігі өткен аптада америкалық технологияларды қолдануға шектеу қойылған қытайлық 20 компанияның тізімін жариялаған болатын. Қатарында Huawei және Inspur Group компаниялары да бар. Huawei әлемдегі үшінші ірі технология компаниясы және Қытайдағы ең ірі телекомуникация өндірушісі.
Intel компаниясы Inspur Group-қа тауар сатуды(чип) тоқтатты. Intel мәлімдемесінде: «Біз қорғаныс министрлігіның өткен аптадағы заңына сәйкес Қытайлық компанияларға чип сатуды уақытша тоқтатамыз. Бұл шектеулер әзірге қанша уақытқа созылатыны беймәлім.Біз министрлік заңдарын орындай отырып, сатылымды тезірек қалпына келтіруге тырсамыз», – делінген.
Қытайдың Inspur Group компаниясы негізінен Intel корпорациясы шығарған чиптерді пайдаланады, Intel-дің негізгі тұтынушысы. Intel компаниясының шешімі Inspur Group-қа айтарлықтай кері әсерін берді. Inspur Group акциялары бірден 5 пайызға төмендеді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді