Ақорда сайтында жарияланған жарлықта "Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваның өкілеттігі тоқтатылды", - делінген.
Қазақстанды 30 жылдай уақыт билеген экс-президенттің тұңғышы Дариға Назарбаева ұзақ жылдар бойы билікте әртүрлі лауазымда, соңғысы, былтырдан бері президенттен кейінгі "резерв кадр" миссиясына пара-пар қызметте, яғни сенат төрағасы орнында болды.
56 жастағы Дариға Назарбаева әр жылдары "Хабар" агенттігінің жетекшісі, бұрынғы "Асар" саяси партиясының басшысы, мәжіліс депутаты, палата вице-спикері, вице-премьер т.б. қызметте болған. Талтүсте Түркістан облысындағы су тасқыны туралы туиттер желісіндегіжеке ресми парағында пікір білдірген президент Тоқаев бүгін жарияланған жарлық туралы, яғни Назарбаеваның тосын отставкасы жөнінде бірден коментарий берген жоқ. Сағат 13:28-де Назарбаеваға "Сенат төрағасы ретінде атқарған белсенді және жемісті жұмысы үшін ризашылығымды білдіремін" деп жазды.
Көктемнің басында Ұлыбританияның қылмыспен күрес агенттігі (NCA) Қазақстан сенатының спикері Дариға Назарбаева мен оның ұлы Нұрәли Әлиевтің ағылшын астанасындағы қымбат үйлеріне "заңсыз/белгісіз капитал" күдігімен ордер шығарып, істі сотқа жолдаған еді. 8 сәуір Лондонның Жоғарғы соты Назарбаева мен Әлиевтің Лондондағы екі зәулім үйі мен қымбат пәтеріне қатысты ордердің күшін жойды. Бірақ ағылшын агенттігі қазақстандық элита өкілдерінің мүлкіне қатысты іс бойынша аппеляция беретінін мәлімдеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді