Денсаулық сақтау министрлігі бүгін Алматы облысында коронавирус дертін жұқтырған бірінші науқастың тіркелгенін хабарлады.
21 наурыз сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысының Қарасай ауданында бір азамат коронавирус диагнозымен жұқпалы аурулар ауруханасында ерекше бақылауға алынған.
"1986 жылғы ер адам 17 наурызда Стамбұл-Бішкек рейсімен Қырғызстанға ұшып барған. Ертесінде көлікпен Алматы облысы Қарасай ауданының орталығы Қаскелең ауылына келген. Қазіргі кезде ол стационарлық карантинге жатқызылған. Жағдайы орташа" деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.
Бүгінгі таңда астанада 28 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында – 2, Алматы облысында – 1 адам, жалпы 53 науқас тіркелген.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті