«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «елдің есін сан-саққа жүгірткен» партия жиынының өтпейтінін мәлімдеді.
18 наурызға жоспарланған «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің отырысы коронавирус дертінің тіркелуіне қатысты өтпейтіні хабарланды.
Бауыржан Байбек Twitter желісіндегі ресми парағында:
«Коронавирус індеті таралу қаупінің алдын алу үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты «Nur Otan» партиясының 2020 жылғы 18 наурызға белгіленген Саяси кеңесінің отырысын өткізу тоқтатылады», – деп жазды.
Бұған дейін ел ішінде әртүрлі қауесетке арқау болған «билік партиясындағы жаңа ауыс-түйіс» жөніндегі сыбыс тараған еді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы