Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Жоғарғы Сотының Ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Түркістан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының судьясы Әшірбек Шәріпұлы Рахымбаевтың сыбайлас жемқорлық әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы аталмш комитеттің ресми сайтында жарияланды.
Атап айтқанда, Ә. Рахымбаев сотталушының жазасын жеңілдетуде заңсыз жәрдем көрсеткені үшін елеулі мөлшерде пара алған.
2020 жылғы 31 қаңтарда Түркістан қ. Ә. Рахымбаев пара алу кезінде қылмыс үстінде ұсталып, жасаған қылмысын толықтай мойындады.
Пара алу фактісі сондай-ақ жасырын тергеу іс-қимыл материалдарымен дәлелденеді (аудио, бейнетіркеу).
ҰҚК органдары ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 2-бөлімі («Пара алу») бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті