Жамбыл облысының Шу темір жол станциясында коронавирус жұқтырды деген күдікпен екі Қытай азаматы пойыздан түсіп, ауруханаға жеткізілді.
Шу қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметініңше, дәрігерлердің тексеруінен кейін, екі жолаушының дені сау екені анықталған. Бұған дейін желіде WhatsApp мессенджері арқылы Шу қаласының вокзалында коронавирус жұқтырды деген күдікпен пойыздың тоқтатылғаны туралы мәлімет тараған болатын.
Шу қалалық орталық аудандық ауруханасының бас дәрігерінің сөзінше, 29 қаңтарда Сарыағаш - астана бағытында жүретін №86 пойыздан түсірілген Қытай азаматтарынан ешқандай вирус белгілері анықталмаған. СОндай-ақ маман аудан тұрғындарынан дүрлікпеуін сұрады.
Бүгінгі таңда белгілі ақпарат бойынша Қытайда коронавирустан қаза тапқандардың ресми тұрде расталған саны 132-ге жетті. Ал әрқандай бейресми, куәгер ақпарат көздері ауруға шалдыққандар мен індеттен көз жұмғандар саны айтарлықтай көп деседі.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті