Қытайдың Ухан қаласында пайда болған қорқынышты жаңа вирус тездікпенен таралуда. Инфекцияның тым жылдам таралып жатқанын Қытай басшысы Ши Жинпиң де растады. Ол компартияның саяси бюросының жиынында елдің қиын жағдайда тұрғанын айтқан.
Соңғы ресми мәліметтерге жүгінсек жаңа вирустан қаза тапқандар саны 80-ге жеткен. Ал вирус жұқтырғандар саны 2000 адамнан көбірек. Бірақ, қытайлық әлеуметтік желіде нақты жағдай ресми мәліметтерден әлде қайда ауыр екені көбірек айтылып жатыр.
Қауіпті вирус Қытайда бастап таралғанымен қазірге дейін әлемнің бірқатар еліне жетіп болған. Қытайға жақын Тайланд, Вьетнам, Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапур, Непал қатарлы елдерден тартып, АҚШ, Франция қатарлы елдерге дейін жеткен.
Жексенбі күні Канадада жаңа вирус жұқтырған бір адам анықталды. Ол бұдан 5 күн бұрын Уханнан барғаны белгілі болған. Канаданың денсаулық сақтау тармағы науқастың жағдайы тұрақты деп мәлімдеді. Ал, сенбі күні Аустралияда вирус жұқтырған алғашқы адам анықталған. Малайзияда да коронавирус деп қауіптенген үш Қытай азаматы белгілі болды. Ресми мәліметтерге сенсек, Қытайда әр күні 3 адам аталған вирусқа шалдығуда.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес