Ұлыбританиядағы Вустер политехникалық институтының ғалымдары саумалдықтың жапырағынан миокард бұлшық еті тініне ұқсас органикалық зат жасап шығарды деп хабарлайды CBS.
Ғалымдардың айтуынша, бұл өсімдікті зерттеу жұмыстарына пайдаланудың бірден бір себебі - саумалдықтың капиллярлық торы адамның жүрек-бұлшық етінің қызметін атқара алады.
"Өсінді" тінді алу үшін саумалдықтың бейтарап целлюлозадан құралған капиллярлы қалқанын қалдырып, басқа құрамдас заттарын алып тастаған. Тәжірибе нәтижесінде өн бойында аз көлемді сұйықтықты жүргізе алатын бұлшық ет тінінің органикалық жасушасын жасап шыққан.
Жетекші биоинженер Глен Годет: "Біз капиллярларды қан жасушаларымен байытылған баяғыштармен толтырдық, кейін олар айналымға түсіп, циркуляция жүре бастады" - деп отыр.
Мамандардың айтуынша, бұл жаңалық болашақта жасанды ағзаларды жасауда пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар, биохимиктер брокколиден өкпенің тіндерін жасап шығаруды да тәжірибе жүзінде байқап көруді жоспарлауда.
"The Qazaq Times"

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні