Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастық келісімін ратификациялау туралы заң жобасы мақұлданды. Бұл жөнінде ҚР Парламенті мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.
Екі ел арасындағы әскери келісімге 2018 жылғы қыркүйекте Анкарада қол қойылған. Келісімнің мақсаты — тараптар арасындағы тең құқықтық пен өзара тиімділік қағидаттар негізінде әскери ынтымақтастықты дамытуға негізделген. Құжатты іске асыру бойынша шаралар тараптармен бірлесіп әзірлеген Жылдық ынтымақтастық жоспарына сәйкес жүзеге аспақ.
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев: «Жоғарыда аталған халықаралық шарттардың кейбір ережелері екі мемлекеттің қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмеуі және оларда іс-шараларды өткізу бойынша қаржылық шығыстармен қамтамасыз ету тәртібінің болмауына байланысты әскери ынтымақтастық саласында жаңа келісім жасау туралы шешім қабылданған болатын», — дейді. Дәндібаевтың айтуынша, аталған келісім әскери даярлық пен оқытуды қоса алғанда, бұдан бұрын қамтылмаған бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу, әуе кеңістігі арқылы әскери мүліктің транзиті, медициналық көмек көрсету, заң құзыреттілігін көздейді.
Айта кетейік, Түркия Қазақстанның маңызды әрі негізгі стратегиялық серіктестерінің бірі болып саналады. Осы уақытқа дейін екі мемлекет арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық 1993 жылғы 8 тамыздағы әскери білім саласындағы, сондай-ақ 1994 жылғы 23 ақпандағы әскери ғылым, техника және білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде жүзеге асырылып келеді.


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?