Әлемде 285 миллионнан астам көз ауруларына шалдыққан және дүниенің жарығын көруден қағылған жандар бар екен. Олар күн сайын қарапайым адам төзгісіз сынақтар мен тұрмыстық қиындықтарға тап болып жатады. Ал технологияның дамуы сондай жандардың өмірін жеңілдетуге бір септігін тигізіп жатқаны қуантады, әрине.

Оңтүстік кореялық ғалымдар зағип жандарға арналған арнайы The Dot қолсағатын жасап шығарды. Бұл - ақпаратты арнайы 4 ұяшық арқылы беріп отыратын, әлемдегі тұңғыш қолсағаттар. Қарапайым сағаттар секілді фунцияларды жүзеге асыра отырып, жылдамдықты бақылайтын баптаулармен де жабдықталған.

The Dot (нүкте) кез-келген смарт сағаттар секілді смартфондарға Bluetooth арқылы жалғанып, хаттар мен қажетті дүниелерді оқуға мүмкіндік береді. Яғни, тек уақыт көрсету үшін емес, арнайы сматрфонның да қызметін атқарады десек болады. Қолданушыларға жанындағы батырмаларды пайдалана отырып смс жіберуге, мәтін теруге де мүмкіндіктер қарастырылған. Осы уақытқа дейін тек дыбыстық хабарламалар арқылы ақпарат алу мүмкін болса, бүгінде қарапайым адамдармен тең дәрежеде ақпарат алмасуға болады.

Фото: afigenchik.ru
The Dot сағаттарын толық құқрастырып жасау үшін үш жыл уақыт кеткен екен. Бүгінде оны 140 мыңнан астам адам пайдаланады. Осы жылы бұл құрылғылардың 100 000 данасын жасап шығару жоспарда бар.
«The Qazaq Times»


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі