2020 жылдан бастап елдегі мемлекеттік қызметкерлер санын қысқарту басталады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында осылай деп мәлімдеді.
Қ.Тоқаев: «Жергілікті билік өкілдері тұрғындардың мәселесіне терең үңілмейді, ашық тілдеспейді. Сондықтан да тұрғындар президентке жүгінеді. Осы ретте біз президент аппараты жанынан арнайы бөлім құрдық. Бөлім мемлекеттік органдардың халық мәселесін шешу жолдарын қадағалайтын болады», – деді.
Яғни бүгінгі жолдауда 2024 жылы мемлекеттік қызметкерлер және ұлттық компания қызметкерлерінің саны 25%-ға қысқартылатыны мәлім болды. Президенттің айтуынша, жергілікті билік өкілдері көп ретте халық базынасына салғырттық танытып, әлеуметті мәселелерді шешуге тырыспайды. Сол себепті «сапасынан саны көп қызметкерлер» қысқартуға ұшырамақ.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі