Үндістан бақылауындағы Кашмир аймағындағы дағдарысқа үш жұмадан асты. Жаңа-Делидің Кашмирді автономиялық статусынан алып тастағанына 27 күн болды. Қазір қарулы күштер жергілікті тұрғындарға зорлық-зомбылық көрсеткені туралы хабар тарауда.
Жаңа-Делидің шешіміне қарсы Кашмир тұрғындары армия жағынан қуғындалып, мыңдаған адам түрмеге тоғытылды. Алайда, Үндістан қарулы күштері бұндай айыпты жоққа шығаруда.
Сарапшылар Кашмирдің автономия құқығынан шектеу Делидегі ұлтшыл биліктің аймақты толық бақылауына алуға жасап отырған әрекеті деп қарайды. Ал, Үндістанның өз басылымдары Кашмирдегі қадамдар Пәкістаннан төнетін шабуыл қатерін біржола жою мақсатында жасалды деп те түсіндіреді.
Ал, BBC арнасы болса аталған аймақтың тұрғындары арасында зерттеу жүргізіп, қарулы күштердің соққысына жығылған тұрғындармен сұхбаттасқан. Олардың айтуынша наразылық шарасына қатысқандардың бәрі ізделіп жатыр. Ұсталғандарын аяусыз ұрып-соғып, денелеріне өшпестей тыртықтар салған.
Аталған арнаның тілшілері кездескен өңір тұрғындары аяусыз қинау жазаларының болғанын айтып жатса да, Үндістан қарулы күштері өз мәлімдемесінде: «Бұндай айыптар негізсіз, әрі ешқандай дәлел жоқ.... Біз бейбіт тұрғынға қол жұмсаған жоқпыз... Қауіпсіздік күштері азаматтардың қауіпсіздігін қорғау үшін әрекет етуде», – деген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес