Бұл туралы Астанада өткен Парламент Мәжілісінің үкімет сағатында ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты.
Министр өз сөзінде Қазақстан жауынгерлерін БҰҰ миссияларына қатыстыру кезінде ең қауіпсіз делінгетін миссияларды таңдауға күш салатындарын жеткізді.
БҰҰ миссияларын атқаруға себеп те жоқ емес, өйткені еліміз биылғы 1 қаңтардан бастап аталған халықаралық ұйымндағы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жұмыс бастаған болатын.
Қ.Әбдірахманов БҰҰ миссияларына қатысу бойынша Қазақстан тарапы өзіндік тәжірибеге ие екенін еске салды. Біздің мамандар мен әскерилер Батыс Сахарадағы референдум барысын бақылыау және Кот-де'Ивуардағы шараларға қатысу бойынша жұмыс атқарған. Осы миссияларда жалпы 9 адам жұмыс атқарса, бүгінгі күні 4 маман Батыс Сахарада өз қызметтерін жалғастыруда.
“The Qazaq Times”

















Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Ресейге қысым: «Патриот» жүйесі мен Трамптың Зеленскийге мақтауы нені аңғартады?
Субсидия дауы: 27-томдағы жұмбақ. Алмасбек Садырбайдың денсаулығы сыр берді
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?