Жапония «терминатор спутниктерді» ұшырмақ.
Жапония үкіметі өзге елдердің әскери жер серіктерінің көзін жоюға арналған терминатор спутниктерді ұшыруда жоспарлауда. Егер үкімет мүшелері тиісті шешімдерді қабылдайтын болса, Жапония 2020 жылдан бастап ғарышқа терминатор спутниктерді ұшыра бастайды.
Жапония осы уақытқа дейін ғарышқа тек бақылау обектілері мен байланыс саласына арналған жер серіктерін ұшырып келген. Билік өкілдерінің сөзінше, ендігі мақсат сол бейбіт мақсатта ұшырылған спутниктерді өзге елдерден қорғау қажет. Ресми Токионың бұндай қадамдарға баруына Қытайдың өзге елдердің жер серіктерін істен шығаруға арналған әскери спутниктер ұшыруы себеп болған. Осыдан біраз уақыт бұрын Бейжің жер серіктерінің көзін жоюға арналған механикалық монипуляторлармен жабдықталған спутниктер құрастыруға кіріскендігін мәлімдеген.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы