Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады. Қабылдауда СІМ басшысы жылдың алғашқы тоқсанындағы атқарған қызметтерінен есеп беріп, алдағы жоспарларын таныстырған.
Президент Тоқаев СІМ басшысына инвестиция саясатын жүзеге асыруды көбірек тапсырды. Онымен қоса, Қазақстанның экспортын дамытуға да көбірек күш жұмсауын сұрады.
Бейбіт Атамқұлов инвестиция тартуды жоғарлатуды жоғарылатудың бірқатар жобаларын алға тартты. Бұл жобалар негізінен өңірлік іс-қимылдарды жақсартуға бағытталған.
Тоқаев пен Атамқұлов арасындағы кездесуде алдағы уақыттағы мемлекеттік сапарлар туралы да талқыланған. Алайда, Ақорда мен Сыртқы істер министрлігінің ресми сайтындағы хабарда, Тоқаевтың шетелдерге жасайтын сапары туралы және СІМ басшысына берген тапсырмалары туралы нақты мәлімет жоқ.















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод