Қазақстанның сыртқы қарызы 158 млрд 800 млн АҚШ долларына жетті. Бұл туралы Ұлттық банк жариялады.
Көрсетілген сома 2019 жылғы қаңтардағы мәлімет бойынша жарияланған. Қарыздың 63,5%-ы бұрынғысынша фирма-аралық берешек, 25%-ін шырмалмаған кредиторлар алдындағы сыртқы борышы, 7,8%-ін мемлекеттік сыртқы борыш. Қалған 3,6%-ын Үкімет пен Ұлттық банк «Банктер» секторының сыртқы міндеттемелері бойынша жариялады.
Өткен жылдың төртінші тоқсанында елдің сыртқы борышы экономиканың банктік емес секторы міндеттемелерінің азаюы есебінен 2,5 миллиард АҚШ долларына қысқарған. Фирма-аралық берешек ірі кен өндіруші және көлік компанияларының шетелдік ұйымдарынан тартылған несиені өтеуі нәтижесінде 1 миллард 800 млн АҚШ долларына қысқарды. Қазақстанның таза сыртқы борышы 2018 жылы төртінші тоқсанда 560 млн 500 мың АҚШ долларына азайып, 47 млрд 200 млн долларға жетті.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?