Ақтаудағы коммуналдық мекеменің заңсыз әрекеттері анықталды.
«Каспий жылу, су арнасы» коммуналдық мекемесі бірнеше жыл қала сыртындағы «Қошқар ата» қалдық қоймасына рұқсатсыз ағынды су төгіп келген. Сонымен қатар, мекеменің 2012 жылдан бері сарқынды суларды тазалайтын қондырғысының болмаған. Күні бүгінге дейін қондырғы салу мәселесі шешілмеген. Бұл дерек облыстық табиғат қорғау прокуратурасы жүргізген тексеру кезінде анықталды.
Экология департаменті қоршаған ортаға келтірілген зиянды өтеу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Енді мекеме басшылығына 450 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот бұл соманы мемлекет пайдасына өндіруге шешім шығарды. Әзірге ол заңды күшіне енген жоқ.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы