Ұлыбритания үлкен шет елдік инвесторлардың арасында кеңінен танылған «алтын виза» атты бағдарламаны тоқтатуды көздеп отыр. Бұл туралы Euronews хабарлады.
Аталған бағдарламаға Ұлыбритания елінің экономикасына кем дегенде 2 млн фунт стрелинг жұмсаған тұлғалар иек арта алатын. Алайда, Ұлыбритания елінің қаржысын тазарту және қылмыстық ұйымдармен күрес үшін құрылған жаңа реформа аясында тоқтатылады. Әйтсе де, халықаралық сарапшылар мұның уақытша екендігін айтып, 2019 жылы қайтадан іске қосылатындығын мәлімдеп отыр.
Негізінен «Алтын виза» әркез британ қоғамында үлкен сынға ұшырап жүрді. Себебі, көптеген байлар мен шенді тұлғаларға өздерінің жымқырған қаржысын тазартып, Ұлыбритания еліне еркін кіруіне мүмкіндік жасап берген қолайлы бағдарлама ретінде қарады.
Естеріңізге сала кетейік, Еуроодақ соңғы он жыл ішінде аталған бағдарламаның құжаты арқылы миллиард еуродан астам қаржы өндірген. Сол секілді, Ұлыбританияның байларға жасаған «алтын виза» бағдарламасын ресейдің әлеуметтік жағдайы жоғары азаматтары көптеп пайдаланғандығы да анықталды.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті