Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный қамаудан шықты. Ол әкімшілік жауапқа тартылғандар жазасын өтейтін орында 50 күн қамауда болған.
Қыркүйекте Ресейдегі зейнетақы реформасына қарсы акцияны ұйымдастырды деген айыппен оппозиционерді 20 тәулікке қамаған. Кейіннен ол қаңтар айындағы сайлаушылар ереуіліне қатысты даудан соң 30 күндік әкімшілік жазасын өтеп шыққаннан кейін қайтадан ұстады.
А.Навальный шеру өткізу тәртібін бірнеше рет бұзғанын сылтау етіп билік қайтадан өзіне қарсы қылмыстық іс қозғауы мүмкін дейді. Және ол өзінің твиттердегі ресми парақшасына: «Осында отырған 50 күннің ішінде мен «жүз мыңдай» кітап оқыдым және әділетсіз билікті жоюдың жолдарын ойластырдым. Біз бұл режимнің түпкілікті іріп-шіруінің куәсі болып отырмыз. Сыртқы барлаудан бастап ғарыш саласындағы сәтсіздіктердің көп екендігіне көз жеткіздік. Егер бәзбіреулер бізді тұтқындау арқылы тоқтата аламыз деп есептесе, қатты қателеседі», – деп жазды.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні