Еуроодақ Орталық Азияның дамуы үшін оған инвестиция салмақшы. Тіпті, аймақтың потенциалы оның соңы үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынына сендіреді, - деген Еуроодақтың «Шығыс серіктестігі» және Орталық Азия жөніндегі бөлімінің басшысы Люк Девинь. Бұл туралы yeniakit.com.tr хабарлайды.
Бұдан бұрын Еуроодақтың Еуропа мен Азияның ынтымақтығын дамытуға бағытталған стратегиясын жариялаған еді. Онда аймақтар арасындағы байланысты ортақ транспорттар, энергетикалық және сандық желілер, тауар айналымын тиімді басқаруға мүмкіндік беретін стандарттар мен ережелерге негізделен серіктестік, сонымен қатар инвестицияға арналған қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру арқылы дамыту қарастырылған еді. Сонымен қатар, аталған құжатта жақын онжылдықта аймақтың жылына 1,3 триллион еуро ететіні айтылған. Осыған орай, аймақтар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту үшін 2015 жылы Қазақстанмен келіссөздер жасалғанын, ал қазіргі уақытта Қырғызстанмен және Әзірбайжанмен сондай келіссөз үстінде екенін айтқан өкіл, алдағы уақытта Өзбекстанмен де аталған мәселе жөнінде мәмілее келетінін атап өтті.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі