Түркия мен Ресейдің Идлибке қатысты маңызды жоспарының жүзеге асуы екіталай. Себебі, Идлиб билігі «қарусыз аймақ құруға» келісім берген жоқ. Бұл туралы BBC хабарлады.
Қос мемлекет басшылары шаһардағы радикалды топтарды солтүстік Сүрияның әскер құрамымен біріктіруге ұсыныс жасағанмен, басты нысандағы аймақ басшылығы түбегейлі қарсылық білдірген. Оппозициялық топтар Идлиб пен Латакияны босатудан және Анкараға қару-жарақ техникасын тапсырудан бас тартты. Сондай-ақ шетелдік жалдамалы күштерді еліне қайтармайтынын кесіп айтты.
Еске сала кетейік, өткен аптада Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путин Идлиб провинциясындағы жағдайларды ретке келтіріп, арнайы буферлік аймақ құру туралы келіссөз өткізген. Келісімге сай, қазан айының ортасында провинцияның 15-20 шақырымдық бөлігі қарусыздандырылуы тиіс.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы