Израиль билігі шекара маңына шоғырланған сүриялық босқындарға көмектесуді біржолата тоқтатты. Израильдің Қорғаныс министрлігі Тель-Авивтің осындай шешім шығаруына Сүрия үкіметінің «астыртын қылығы» себеп болған.
Негізінен екі ел «Тату көрші» жобасын былтыр ғана қолға алған болатын. аталған жоба арқылы израиль үкіметі сүриялықтарға көп мөлшерде жанармай, азық-түлік, дәрі-дәрмек беріп, гуманитарлық көмек көрсетіп келген. Ресми мәліметтер бойынша, 2013 жылдан бері Израиль екі мың тоннаға жуық азық-түлік жеткізген. Бірақ, «Тату көрші» жобасының арты татулыққа әкелген жоқ. Сүриялық әскери топ Израильдің талаптарын ескерусіз қалдырып, елдің оңтүстік аудандарын түбегейлі бақылауына алған. Сондықтан да Израиль тарапы «қайырымды жәрдемші» болудан бас тартты.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні