Еуропа Одағы Ресейге қарсы салынған санкция мерзімін 2019 жылдың 15 наурызына дейін, жарты жылға ұзартуға шешім шығарды. Бұл туралы Еуропа кеңесінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылды, - деп хабарлайды dw.com/tr.
Санкциялар Украинаның аймақтық тұтастығына, тәуелсіздігіне немесе егемендігіне қауіп төндіретін әрекеттерге байланысты салынған. Ол 155 жеке тұлға мен 44 ұйымды қамтиды.
Еске салайық, үстіміздегі жылдың 18 шілдесінде Еуроодақ Қырым аннекциясына байланысты Ресейге салынған санцияны бір жылға, яғни 2019 жылдың 23 маусымына дейін ұзартқан еді.
5 шілдеде Еуропа одағы осы санкцияны 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартқан еді. Оған Минск келісімшартының жүзеге асырылмауы мен Украинаға қатысты әлі жалғасқан қысым себеп болғанын айтып түсіндірген одақ.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі