Тәжікстан Қытай компаниясының  қолдануына (мақта өсіруге) ауыл шаруашылығына арналған  5000 га жерді берді. Бұл туралы Тәжікстан үкіметінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап reuters сайты хабарлады.

Тджікстанның Ауыл шаруашылығы минитрінің орынбасары Жамали Саидовтың айтуынша,  елдің оңтүстігіндегі ауыл шаруашылығы учаскесі 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге қытайлық компанияға жалға берілген.

Тәжікстан біраз уақыттан бері оңтүстіктегі  жерге инвесторлар іздеп жүрген көрінеді. Себебі, ауыл шаруашылыққа арналған бұл жерлердің өнімі аз, құнарсыз.

Айта кететіні, Қытай соңғы жылдары Тджікстанға ғана емес, өзге де Орта Азия мемлекеттерінде ауыл шаруашылығы, энергетика мен инфраструктура салаларында белсенді түрде  инвесторлықпен айналысып жатыр.

«The Qazaq Times»